Accessibility links

СІМ: Измирде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Жарылған көлік маңы. Измир, 5 қаңтар 2017 жыл.
Жарылған көлік маңы. Измир, 5 қаңтар 2017 жыл.

Түркияның Измир қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

5 қаңтарда Измирде сот ғимаратының алдында мина жасырылған көлік жарылып, екі адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Полиция шабуыл жасаған адамдардың екеуін атып өлтірген, біреуі ұстатпай кеткен.

Әзірге жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Түркия билігі шабуылды елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы ұйымдастыруы мүмкін деп күдіктенеді.

XS
SM
MD
LG