Accessibility links

Қазақстан төрешілер департаментін ресейлік маман басқарады


Қазақстан футбол федерациясына қарайтын төрешілік және инспекторлық департаментінің бас директоры Николай Левников.

Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қарайтын төрешілік және инспекторлық департаментінің бас директоры болып ресейлік маман Николай Левников тағайындалды. Бұл туралы бүгін ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Левников енді Қазақстанда өтетін ресми футбол жарыстарында жұмыс істейтін төрешілердің жұмысын бақылап, осы саланы басқарады. Оның келісім-шарты екі жылға жасалған. Левников 2009-2012 жылдары Қазақстанда дәл осы қызметте жұмыс істеген. Бірақ кейін Ресейге қайта оралған. Ол 2012-2016 жылдары Ресей футбол федерациясының төрелік және инспекторлық департаментінде директор болған.

"Қазақстан чемпионатында ресейлік төрешілер жұмыс істемейді. Тек қазақстандық мамандарды дайындаймыз. Төрешілердің барлығы физикалық формада болуын қатты қадағалаймыз. Артық салмағы бар төрешілер тесттен өтпейді" деді Левников бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚФФ төрешілік және инспекторлық департаментінің бас директоры болған Юрий Ярышев 2016 жылы отставкаға кеткен. Оның қызметінен кету себебі айтылмады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG