Accessibility links

Алматыда періште қуыршақтардың қайырымдылық көрмесі ашылды


Періште қуыршақтар көрмесі. Алматы, 6 қаңтар 2017 жыл.
Періште қуыршақтар көрмесі. Алматы, 6 қаңтар 2017 жыл.

Алматыда «Ангел для королевы» (Ханшайым періштесі) атты әлеуметтік қайырымдылық көрмесі өтіп жатыр. Көрмені ұйымдастырған «Қуыршақтар әлемі» орталығы періште қуыршақтар жасап, көрме өткеннен кейін оны онкологиялық сырқат балаларға сыйлауды мақсат тұтқан.

Періштелер қуыршақтарының көрмесі Алматыдағы «Вернисаж» камералық галереясында қаңтардың 6-сы және 8-і күндері аралығында, үш күн өтеді. Көрме православ дінінің Рождество мерекесімен тұспа-тұс келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қазір 30 туынды қойылған, үш қуыршақ шетелден почта арқылы келе жатыр (қатысушылар арасында Германия, Израиль, Украина және Ресей азаматтары аталады). Қуыршақтарды жасаған адамдардың (арасында төрт жасар бала бар - авт.) көбі - тәжірибелері шеберлер.

Көрме аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар қуыршақтарды күрделі операция жасатуы тиіс онкологиялық науқастар мен балаларға сыйламақ. Қуыршақ жасаған шеберлерге жоба демеушілері түрлі сыйлықтар берді.

XS
SM
MD
LG