Accessibility links

Таразда базардағы өрттен бірнеше дүңгіршек жанып кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тараз қаласындағы "Мыңбұлақ" сауда орталығында бүгін таңғы мезгілде өрт болып, бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кеткен деп хабарлайды Tengrinews сайты Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметі бойынша, өрт туралы суыт хабар сенбі күні таңғы сағат төрт жарым шамасында түскен.

"Өрт сағат 6:11 кезінде толық өшірілді. Өрт салдарынан 18 саудау дүңгіршегі, пластиктен жасалған терезелер, қабырғалар мен тұтыну тауарлары жанып кеткен" деп хабарлаған облыстық төтенше жағдай департаменті.

Өрттен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеген. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG