Accessibility links

Шахандағы апат болған үйге жылу қазандығы қосылды


Бір подъезі түгел құлаған көпқабатты тұрғын үй. Шахан кенті, Қарағанды облысы, 2 қаңтар 2016 жыл.

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі бір подъезі құлап, адамдар мерт болған көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы арнайы алаңға қуаты 400 киловаттық модульдік жылыту қазандығы орнатылып, бүгін іске қосылды деп хабарлайды Tengrinews сайты. Қазір тұрғын үйдің қалған төрт подъезіндегі пәтерлерді жылу қазандығына қосу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Облыстық әкімдік өкілінің хабарлауынша, бес қабатты үйді жылу қазандығына толық қосу жексенбі күні аяқталмақ. Қазіргі кезде үйдегі төрт подъезге электр қуаты берілген, су және кәріз жүйелеріне қосылу дайындығы тексерілген деп хабарлайды Tengrinews.

Шахан кентіне Қазақстанның әр аймағындағы қалалардан жіберілген гуманитарлық жәрдем түсіп жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға шаруашылық тауарлары, төсек-орын, киім-кешек, сонымен бірге үш тоннадан аса азық-түлік өнімдері берілген деп хабарлаған жергілікті билік орындары.

Шахан кентінде қаңтардың 1-і күні кешкісін бес қабатты тұрғын үйдің бір подъезі түгел құлап, тоғыз адам қаза болған. Олардың арасында жас балалар да бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG