Accessibility links

200-ден аса адам Стамбулдан Қазақстанға ұша алмай отыр


Ататүрік атындағы халықаралық әуежай. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркияда ауа райының қолайсыздығына байланысты Стамбул әуежайынан 200-ден аса адам жұмадан бері Қазақстанға ұша алмай отыр деп хабарлайды Tengrinews агенттігі Қазақстан инвестиция және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиге сілтеме жасап. Толассыз жауған қар кесірінен Стамбулдан Алматы мен Астанаға ұшатын Turkish Airlines әуе компаниясының рейстері бөгелген.

Сонымен бірге Қазақстаннан Стамбулға ұшатын рейстердің уақыты да кейінге шегеріліп, ондаған адам жолдан қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG