Accessibility links

Сирияда автокөліктегі жарылыстан 20-ға жуық адам мерт болған


Сирияның Аазаз қаласындағы қираған ғимарат.
Сирияның Аазаз қаласындағы қираған ғимарат.

Сирияның солтүстігіндегі Аазаз қаласында сот ғимараты жанында автокөлікте болған жарылыстан 20-ға жуық адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Зардап шеккендердің көбі бейбіт тұрғындар деп хабарлайды Reuters.

Сириядағы экстремистік топтардың ешқайсысы әзірше бұл жарылысқа жауапкершілікті алған жоқ. Бұған дейін 2013 жылы Аазаз қаласын біршама уақыт қолында ұстаған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы одан кейін бірнеше рет қалаға бақылау орнатуға тырысқан.

Сирияда азамат соғысы 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып жатыр. Үкімет армиясы қарулы оппозициялық топтармен күресіп келеді. АҚШ жетекшілік ететін ондаған елдерден құралған коалиция күшері «Ислам мемлекеті» экстремистеріне қарсы операция жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG