Accessibility links

Флоридадағы шабуылға күдіктіге айып тағылды


Форт-Лодердейл қаласындағы халықаралық әуежай. Флорида штаты, АҚШ, 6 қаңтар 2017 жыл.
Форт-Лодердейл қаласындағы халықаралық әуежай. Флорида штаты, АҚШ, 6 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ прокуратурасы Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласының халықаралық әуежайындағы қарулы шабуыл кезінде қолға түскен күдікті Эстебан Сантьягоға бес адамды өлтірген деген ресми айып тақты.

Күдікті шабуылды алдын ала ұйымдастырғанын тергеу кезінде мойындаған делінген сот материалында. Егер сот Сантьягоны айыпты деп тапса, оған өлім жазасын кесуі мүмкін.

26 жастағы Эстебан Сантьяго бұрын Аляска және Пуэрто-Рико ұлттық гвардиясы мүшесі болған. 2010 жылғы сәуірден 2011 жылғы ақпанға дейін Иракта қызмет атқарған, 2016 жылы тамызда қызметін аяқтаған. АҚШ баспасөзінің жазуынша, оны Аляска ұлттық гвардиясынан қызметін дұрыс атқармағаны үшін босатқан.

Жұма күні Форт-Лодердейл әуежайындағы жүк алатын залда қарулы ер адам жолаушыларға оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Бұл шабуылға күдікті Эстебан Сантьягоны сол жерде полиция ұстаған.

XS
SM
MD
LG