Accessibility links

Еуропада қатты аяздан 20-дан аса адам қайтыс болған


Черногориядағы қар басқан жолдардың бірі. 7 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Черногориядағы қар басқан жолдардың бірі. 7 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Еуропада әдеттен тыс қатты аяз талай адамның ажалына себеп болды. Польшада жыл басынан бері ауа райының күрт суытуынан 12 адам көз жұмған. Италияда қақаған аяздан жеті адам қаза болған, олардың көбі үйсіз жандар. Болгарияда шекараны кесіп өтпек болған үш босқын үсіп өлген.

Православ христиандардың Рождество мерекесі түні Мәскеу қаласында ауа температурасы соңғы 120 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішке – минус 30 градусқа дейін суытқан. Мәскеу облысында жексенбіге қараған түні сынап бағанасы -36 градусқа дейін төмендеген.

АҚШ-тың шығыс жағалауында қарлы боран кесірінен автокөлік жолдарында қозғалыс шектелген. Жол апаты көбейіп, автомобильдер кептелісте тұрып қалған. Қарлы боран Түркия мен Балкан елдерінде де болған. Кей жерлерде қардың қалыңдығы бір метрге дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG