Accessibility links

АҚШ көктемде Ауғанстанға 300-ге жуық сарбаз апармақ


Ауған күштері "Талибан" жасағына қарсы операцияға дайындық кезінде. Лашкаргах қаласы маңы, Гильменд уәлаяты. 19 желтоқсан 2016 жыл.
Ауған күштері "Талибан" жасағына қарсы операцияға дайындық кезінде. Лашкаргах қаласы маңы, Гильменд уәлаяты. 19 желтоқсан 2016 жыл.

АҚШ ауған күштерін жаттықтыру жөніндегі НАТО миссиясы аясында биыл көктемде 300-ге жуық теңіз жаяу әскерін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятына орналастыруды жоспарлап отыр.

Гильменд уәлаятында соңғы айларда ауған үкімет күштері мен "Талибан" исламшылдар қозғалысының қарулы содырлары арасында кескілескен шайқтастар жүрген.

Соңғы уақытта Ауғанстанда едәуір территорияны басып алған "Талибан" қозғалысы героин жасалатын апиын шикізаты көп өндірілетін Гильменд уәлаятын да толық дерлік бақылауда ұстап отыр. Үкімет күштері тек Гильменд уәлаятының орталығы Лашкаргах қаласында ғана ықпалын жүргізе алады.

2014 жылы НАТО күштерінің көп бөлігі Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін "Талибан" қозғалысы елдің көп бөлігіне бақылауын орнатқан. Ауғанстанда қазір АҚШ-тың 10 мыңға жуық әскери қызметкері бар.

XS
SM
MD
LG