Accessibility links

Ирак әскері Мосулда Тигрдің шығыс жағалауына жетті


Ирактың жедел әрекет ету күштерінің сарбаздары Мосулдың шығысында ИМ шептерін минометтен атқылап жатыр. Ирак, 6 қаңтар 2017 жыл.
Ирактың жедел әрекет ету күштерінің сарбаздары Мосулдың шығысында ИМ шептерін минометтен атқылап жатыр. Ирак, 6 қаңтар 2017 жыл.

Мосулда "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының содырларымен соғысып жатқан Ирак әскері 8 желтоқсанда Тигр өзенінің шығыс жағалауына жеткенін мәлімдеді. Бұл ауданға үздік антитеррористік қызмет жасақтары енген. Қазір армия Тигр өзенінің оңтүстігін бақылап тұр. Бірақ қаланың батыс жағы әлі ИМ қолында.

Кейбір ақпарға қарағанда, содырлармен қақтығыс Мосулдың шығысындағы тарихи ескерткіш маңында болып жатыр. ИМ-ға қарсы соғысып жатқан, АҚШ әскери әуе күштері мен шиит және күрд жасақтары қолдайтын 100 мыңға тарта әскердің қатарында антитеррорлық қызмет жасақтары да бар.

Мосулды азат ету операциясы 17 қазанда басталған. Ирактың екінші ірі қаласы Мосул - ИМ бақылауында қалған жалғыз қала. ИМ содырлары 2014 жылы Ирактың үштен бір бөлігін басып алған еді.

XS
SM
MD
LG