Accessibility links

Донбаста үш украин сарбазы жоғалып кетті


Мариуполь қаласының түбінде шепте тұрған украин әскерилері. Донецк облысы, 31 желтоқсан 2016 жыл.
Мариуполь қаласының түбінде шепте тұрған украин әскерилері. Донецк облысы, 31 желтоқсан 2016 жыл.

Донбаста Украина үкіметі әскері мен ресейшіл сепаратистер шебі шектесетін аймақта үш украин сарбазы жоғалып кетті. Украина шығысындағы операциялар штабының хабарлауынша, әскери бөлімдердің бірінің үш сарбазы кешеден бөлімдеріне қайтып оралмаған. Олармен байланыс үзілген, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Украин әскерилерінің мәліметінше, бір тәулікте сепаратистер өздерінің шебін 48 рет атқылап, үш сарбаз жараланған.

Өткен аптада Украинаның қорғаныс министрі Степан Полторак Донбастың сепаратистер бақылайтын аудандарында Ресейдің бес мың әскери қызметкері бар деп мәлімдеген.

ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Себастьян Курц Украина шығысында "қақтығысты тоқтату үшін" Донбастың барлық территориясын қадағалау жоспары барын айтқан.

XS
SM
MD
LG