Accessibility links

Беларусь 80 елдің азаматтарына визасыз келуге рұқсат берді


Беларуське кіруге арналған көп реттік виза (Көрнекі сурет).
Беларуське кіруге арналған көп реттік виза (Көрнекі сурет).

Беларусь президенті Александр Лукашенко 80 мемлекеттің азаматтарына елде визасыз бес күнге дейін жүріп-тұруына еркіндік беретін жарлық шығарды. Президенттің ресми сайтында хабарланғандай, құжатқа 9 қаңтарда қол қойылған. Визасыз жүру режимі Еуропа Одағы елдері мен АҚШ, Жапония, Бразилия, Индонезия және тағы 48 елдің азаматтарына қатысты енгізілді.

Қытай, Гондурас, Гаити, Гамбия, Үндістан, Ливан, Намибия, Самоа және Вьетнам азаматтары визасыз жүруі үшін паспорттарында басқа еуропалық елдердің жарамды визасы болуы шарт. Жаңа ереженің Беларуське келетін ресейліктерге қатысы жоқ, себебі Ресейден баратындар үшін паспортты тексеру пункті қарастырылмаған.

Жарлық ресми баспасөзде жарияланғаннан кейін бір айдан соң күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG