Accessibility links

БАҚ: Шыңжаң аймағы шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр


Шыңжаңның Лукун қаласында жүрген қытай қарулы полицейі (Көрнекі сурет).
Шыңжаңның Лукун қаласында жүрген қытай қарулы полицейі (Көрнекі сурет).

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының билігі терроризм қаупін азайту мақсатымен шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр деп хабарлады ақпарат құралдары.

Ресми China Daily газетінің 10 қаңтарда Шыңжаң губернаторы хабарлауынша, өткен жылы басталған шекарадағы бақылауды күшейту шаралары биыл одан ары да күшейтіледі.

Басылымның мәліметінше, қауіпсіздік шаралары күдікті содырлардың Шыңжаңнан сыртқа кетіп, шетелде дайындықтан өтіп келуінің алдын алу үшін күшейтіледі. Қытайдың Шыңжаң аймағы сегіз елмен, соны ішінде Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен шектеседі.

Шыңжаң аймағында соңғы жылдары жергілікті халық - мұсылман ұйғырлар мен этникалық азшылықты құрайтын қытайлар арасындағы зорлық-зомбылықтардан, түрлі шабуылдардан жүздеген адам қаза тапты. Пекиндегі билік шабуылдарды жергілікті исламшыл радикалдардан көреді.

XS
SM
MD
LG