Accessibility links

Әзімжан Асқаров соттан өзін ақтауды сұрады


Әзімжан Асқаров сотта отыр. Бішкек, 4 қазан 2016 жыл.
Әзімжан Асқаров сотта отыр. Бішкек, 4 қазан 2016 жыл.

Қырғызстанның Шу облысында бүгін құқық қорғаушы, 2010 жылғы маусымда болған оқиғалар бойынша өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілген Әзімжан Асқаровтың қылмыстық ісін қарау жалғасты. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, сотта тараптардың жарыссөзінен кейін үкім шығарылады деп күтіліп отыр.

Асқаров жарыссөзде тағылған айыптың заңсыз, өзінің кінәсіз екенін айтып, онысына Құранды ұстап ант беретінін мәлімдеді. Құқық қорғаушының сөзінше, өзін Қырғызстанның уақытша үкіметін сынағаны үшін соттаған. "Мені 2010 жылғы маусым оқиғаларына қатысты, милиция өкілдерін өлтіруге қатысы бар деген мәлімдемелер - жалған" деді Асқаров.

Этникалық өзбек Әзімжан Асқаров Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылы жазда қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығыстарға қатысты деп айыпталып. Қақтығыстардан 450-ден астам қаза тауып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Асқаров Жалалабад облысының Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғау ісімен айналысқан.

2016 жылдың сәуірінде БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитеті Қырғызстан билігін Асқаровтың ісін қайта қарауға шақырған. Комитет Асқаровтың ұсталуы, азапталуы, ауыр жағдайда ұстауды заңсыз деп тапқан.

XS
SM
MD
LG