Accessibility links

Иранда бұрынғы президент Рафсанжанимен қоштасып жатыр


Әли Акбар Хашеми Рафсанжанимен қоштасуға жиналған ирандықтар. Тегеран, 10 қаңтар 2017 жыл.
Әли Акбар Хашеми Рафсанжанимен қоштасуға жиналған ирандықтар. Тегеран, 10 қаңтар 2017 жыл.

Тегеранда бұрынғы президент Әли Акбар Хашеми Рафсанжаниді жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Бірнеше сағатқа созылатын рәсімге қарапайым тұрғындар мен ресми тұлғалары бар - мыңдаған адам жиналды.

Акбар Хашеми Рафсанжани 9 қаңтар күні 82 жасында жүрек талмасынан кейін ауруханада көз жұмды. Ол Иранды 1989 жылдан 1997 жылға дейін басқарды. Рафсанжанидің жаназасын бүгін Тегеран университетінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи оқиды деп жоспарланған.

Акбар Хашеми Рафсанжани Ирандағы 1979 жылғы революция жетекшісі, аятолла Рухолла Хомейнидің мазары жанына жерленеді.

Рафсанжаниді жерлеу рәсіміне Иранның бұрынғы президенті, елді Рафсанжаниден кейін басқарған Мохаммад Хатами қатыстырылмады.

XS
SM
MD
LG