Accessibility links

Алматы оқушылары универсиада кезінде демалады


Қазақстандық оқушылар (Көрнекі сурет).
Қазақстандық оқушылар (Көрнекі сурет).

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі универсиадаға байланысты Алматы қаласының оқушыларына 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс берілетінін хабарлады. Министрлік мұндай шешімді оқушылардың "салауатты өмір салтымен етене танысуы үшін" жарыстарды тамашалауға баруына мүмкіндік тудыру мақсатымен қабылдағанын айтады.

Оқу жылының үшінші тоқсанының ортасында енгізілетін демалыстан көктемгі каникул қысқартылады. Бұрын көктемгі каникул 21 наурызда басталып, сәуірдің басында аяқталса, биыл алматылық оқушылар көктемгі каникулға 1 сәуірде шығып, 4 сәуірде төртінші тоқсан басталады. Алматы қаласының білім басқармасы наурыз мейрамы кезінде (21,22 және 23 наурыз) оқушылардың демалатынын айтады.

Алматыда Қысқы универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Спорттың 12 түрі бойынша өтетін жарысқа екі мыңға тарта атлет қатыспақ. Универсиада сайтындағы ақпаратқа қарағанда, жарысты өткізуге 17 миллиард теңге (51 миллион доллардан асады) бөлінген.

XS
SM
MD
LG