Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі Ауғанстанның Кандагар уәлаятында 10 қаңтарда болған жарылыстан бес дипломатының қаза тапқанын хабарлады. БАӘ үкіметінің мәлімдемесінде қаза тапқан дипломаттар Ауғанстанда гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік-экономикалық жобалармен айналысқаны айтылады.
10 қаңтар күні кешке қонақүйде уәлаяттің жоғары шенді шенеуніктерімен кездесу кезінде болған жарылыстан уәлаят губернаторы Хомаюн Азизи мен БАӘ-нің Ауғанстандағы елшісі жараланған. Ауғанстан билігінің хабарлауынша, жарылыстан кем дегенде жеті адам қаза тауып, 18 адам жараланған.
БАӘ президенті шейх Халифа бин Зайд әл-Нахайян елде мемлекеттік мекемелерде туларды төмен түсіруге пәрмен беріп, үш күн аза тұту жариялады.
Әзірге жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алмады. "Талибан" қозғалысы бұл шабуылға қатысы бары туралы мәлімдемені жоққа шығарды.