Accessibility links

Серік Ахметовке рақымшылық жасау ұсынысы сотқа түсті


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов (ортада) сотта тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов (ортада) сотта тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Қарағанды облысының Абай аудандық сотына бүгін экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовтің жаза мерзімін азайту туралы ұсыныс түсті деп хабарлады Азаттық тілшісі. Ахметов 2015 жылы желтоқсанда коррупциялық қылмыс жасау айыбымен сотталған.

Абай аудандық соты судьясының БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестірушісі Ардақ Жұмашевтің Азаттыққа айтуынша, Серік Ахметовтің жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бір бөлігін азайту туралы ұсыныс "колониядан түскен". Қамау мерзімін азайту туралы ұсыныста Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарияланған рақымшылыққа сілтеме жасалған. Ұсынысқа Қарабас кентіндегі 159/18 мекемесінің басшысы қол қойған. Жұмашев ұсыныстың қашан қаралатыны әзірге белгісіз екенін айтады.

Азаттық Серік Ахметовтің адвокаттарымен хабарласа алмады.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды қаласы және облысының бұрынғы шенеуніктерінің ісі бойынша сот 2015 жылы желтоқсанда аяқталған. Іс бойынша 21 адам сотталған. 12 сотталушы үкімге қарсы шағым берген. Сот Серік Ахметовті "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. 2016 жылы наурызда апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға азайтқан.

XS
SM
MD
LG