Accessibility links

Билік органдары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жұмысшы тобы құрылмақ


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік билік органдары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмысшы тобын құру туралы жарлық шығарды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшы тобын президент әкімшілігінің жетекшісі басқармақ. Топ құрамына парламент, үкімет, жоғарғы сот және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен сарапшылар кіретін айтылған.

Жарлықта нақты қандай билік органдары арасында қандай өкілеттіктердің қайта бөлінетіні айтылмаған.

Назарбаев бұған дейін Қазақстанда мемлекетті басқарудың президенттік формасы орныққанын және солай болып қала беретінін мәлімдеген еді. "Сонымен қатар, президент, үкімет пен парламент арасындағы билікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын уақыт жетті. Арнайы комиссия бұл мәселелерді зерттеп, тиісті заңдарға, бәлкім конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауы тиіс" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG