Accessibility links

Жазушы Алексиевич Орыс ПЕН-орталығынан шығып кетті


Светлана Алексиевич, Беларусь жазушысы.
Светлана Алексиевич, Беларусь жазушысы.

Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының иегері, Беларусь жазушысы Светлана Алексиевич Орыс ПЕН-орталығы құрамынан шығып, бұл құқық қорғау ұйымының өз ішіндегі бөлінушілікті одан ары күшейтті.

Жазушы 11 қаңтарда бұл қадамы арқылы журналист әрі белсенді Сергей Пархоменконың ұйымнан шығарылғанына наразылық білдіргенін мәлімдеді. 10 қаңтарда бұл ПЕН-орталықтан жазушы Борис Акунин шығып кетті. Ол "Ұйым қудалауға ұшыраған жазушыларды қорғамайды, сондықтан дүниежүзілік ПЕН қозғалысымен еш байланысы жоқ" деп мәлімдеген. Бұдан бұрын ақын Лев Рубинштейн мен жазушы Александр Иличевский де Пархоменконың ұйымнан шығарылғанына наразылық білдіріп, Орыс ПЕН-орталығынан шығып кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, Пархоменко Орыс ПЕН-орталығына мүшеліктен "арандатушылық әрекеті" үшін шығарылған. Пархоменконың өзі "Эхо Москвы" сайтында өзінің ұйымды украиналық режиссер Олег Сенцовты қорғай алмады деп сынағаны үшін жазаланғанын жазған. Сенцов 2016 жылы "теракт жасауды жоспарлады" деген айыппен 20 жылға сотталған.

Қырымдық Олег Сенцов Ресейдің 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін тартып алғанына ашық қарсы шыққан. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. АҚШ, Еуропа Одағы, Amnesty International және басқа да ұйымдар оның сотталғанын, түрмеге жабылғанын айыптады. Орыс ПЕН-орталығының президенті Евгений Попов "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында орталықта бөлінушілік бары туралы сөздерді терістеп, ұйымға 400 адам мүше екенін, ал Пархоменконың "солардың тек біреуі екенін" айтты.

XS
SM
MD
LG