Accessibility links

БҚО-да белгілі археологқа қатысты іс сотқа берілді


БҚО әкімдігі жанындағы "Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының тарих және археология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі. Орал, 12 қазан 2016 жыл.
БҚО әкімдігі жанындағы "Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының тарих және археология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі. Орал, 12 қазан 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының басшысы Мұрат Сыдықовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа берілді деп хабарлады бүгін Азаттыққа Орал прокуроры Айдын Рашидов. Сыдықов "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді немесе талан-таражға салды" деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметі бойынша, Мұрат Сыдықов облыстың Теректі ауданы Пойма ауылы жанындағы қазба жұмыстарына бөлінген 15 миллион теңгенің 2,5 миллионын жымқырған. Орал қалалық сотының судьясы Гүлнара Гимадутдинованың қабылдауында сот тыңдауы әлі белгіленбегенін айтты.

Мұрат Сыдықов үшінші ай үйқамақта отыр. Ол облыс әкімдігі жанындағы "Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының тарих және археология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесін басқарған. Сыдықов - тарих ғылымдарының докторы, профессор, жүзден астам ғылыми мақаланың авторы.

Мұрат Сыдықовтың аты 2013 жылы оның мекемесі басқарған археологтар Оралға жақын Тақсай қорғандарының бірінен ежелгі абыз әйелдің мүрдесін тапқан соң белгілі болған. Қорғаннан адам мүрделерімен бірге алтын әшекейлер де табылған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG