Accessibility links

Комиссия: Шымкенттегі жарылысқа қауіпсіздік талабын сақтамау себеп болған


Шымкенттегі жарылыстан қираған екі қабатты үй. 9 қаңтар 2017 жыл.
Шымкенттегі жарылыстан қираған екі қабатты үй. 9 қаңтар 2017 жыл.

Шымкентте барак типтес екі қабатты үйдің қирап, жарылуына үй иесінің газ пешін талапқа сай орнатпауы, техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болған деп хабарлады арнайы құрылған комиссияның қорытындысына сілтеме жасаған қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Комиссия 1970 жылы салынған үй иесінің газ құбырын төрт көзді газ пешіне шүмек атқылы оттегі түтігімен жалғағанын, суға арналған 10 мертрлік құбыр арқылы Иранда жасалған пешіне газ жалғағанын айтады. Осы жалғанған құбыр тесіліп, газ шыққан, екі қабатты үйде түтіндік (дымоход), я желдеткіш болмаған.

Комиссия "үй иесі газ құрылғысын өз бетінше орнатып, техникалық қауіпсіздік шарттары бұзылуынан газ-ауа қоспасы жиналып, жарылыс болған" деген қорытындыға келген.

Шымкентте 18-шағын аудан аумағындағы №48 үйдегі жарылыс 8 қаңтар күні таңғы сағат төрттің шамасында болған. Жарылыстан бір әйел қаза тауып, көлемі 64 шаршы метрді құрайтын үй қирап қалған. Төрт адам зардап шегіп, үшеуі ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендер арасында 2015 жылы туған сәби де бар.

Бұдан бұрын үй иесі Аманбек Сәуірбаев техникалық қауіпсіздік шараларын толық сақтағанын айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG