Accessibility links

Тәжік президенті ұлын Душанбеге мэр етті


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Эмомали.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Эмомали.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Эмомали әкесінің бұйрығымен ел астанасы Душанбе қаласының мэрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін коррупцияға қарсы агенттікті басқарған.

Билікте президент Рахмонның басқа балалары да бар. Оның қызы Озода Рахмон 2016 жылға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген. Былтыр бір жылдың ішінде Озода Рахмон екі рет жаңа қызметке тағайындалды. Ол әуелде президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалып, соңынан сенат депутаты болды.

Эмомали Рахмонның тағы бір қызы Рухшона 2016 жылы сыртқы істер министрлігіндегі басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG