Accessibility links

Дамаск түбіндегі жарылыста бірнеше адам мерт болды


Дамаск түбіндегі көтерілісшілер бақылауындағы аудандарды бірі, Сирия (Көрнекі сурет).
Дамаск түбіндегі көтерілісшілер бақылауындағы аудандарды бірі, Сирия (Көрнекі сурет).

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 12 қаңтарда Дамаск түбінде болған жанкештінің жасаған жарылысынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы әуелде сегіз адамның мерт болғанын және жараланған бірнеше адамның халі ауыр болғандықтан құрбандар саны артуы ммүкін екенін хабарлаған. Теракт болған Кафр Суса ауданының бір бөлігінде үкімет өкілдерінің үйлері және арнайы қызметтің штаб-пәтері орналасқандықтан күзетілетін. Бірақ France Press агенттігінің ақпаратына қарағанда, жарылыс бұл аймақтан қашықта болған.

12 қаңтарда Женевада сөйлеген БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирияда жарияланған бітім толық орындалып жатпағанын мәлімдеген. Ол қоршаудағы аудандарға гуманитарлық көмек әлі жетпегенін, Дамаск маңындағы қақтығыстардың одан ары шиеленісіп, Астанада 23 қаңтарда өтеді деп жоспарланған бейбіт келіссөзді тоқтатып тастауы мүмкін екенін айтты. Астанадағы бейбіт келіссөзді Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей мен көтерілісшілерді қолдайтын Түркияның арағайындық жасауымен өтпек.

XS
SM
MD
LG