Accessibility links

Прокуратура сайтында терроризмге қатысты құпия шағым парақшасын ашты


Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).
Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан бас прокуратурасы ресми сайтында азаматтарға арналған "терроризм және экстремизммен күрес мәселелері жөніндегі" арнайы арнайы парақша ашылғанын хабарлады. Прокуратура парақшада азаматтар аты-жөнін көрсетпей-ақ өздері тұратын, жұмыс істейтін жерлерінде, қоғамдық орындарда, БАҚ пен интернетте "экстремизм мен терроризм идеяларын таратады" деп күдіктенген адамдары туралы хабарлай алатынын айтады.

Арнайы парақшада тұрғындар өздері тұратын немесе жұмыс істейтін жерде пайда болған, "өзіне назар аудартпауға тырысатын және жасырын өмір салтын ұстанатын күдікті кісілер", интернет және баспасөз арқылы экстремизм мен терроризм идеяларын, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық жаулықты насихаттайтындар туралы ақпарат қалдыра алады.

Сонымен қатар заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар айналымына қатысы бар адамдар туралы да ақпар қалдыруға болады.

Бұған қоса ғимараттарға, көлік құралдарына "заңға қайшы насихат, оның ішінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты тудыратын мазмұндағы сөздер, жазбалар (граффити) жазып кеткнедер туралы да хабарлауға болады.

Прокуратура парақшада ашылатын арнайы бланкада экстремизм және терроризммен күрес саласына қатысты ұсыныс пен идея да ұсынуға болатынын айтады.

XS
SM
MD
LG