Қарағанды қаласының полициясы Орталық әмбебап дүкеннен (ЦУМ) адамдардың эвакуацияланғанын хабарлады. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Бақытжан Құдияровтың хабарлауынша, бүгін сағат 10-да белгісіз адам 102 нөміріне телефон соғып, ЦУМ-да "бомба жасырылғаны" туралы хабарлаған. Бұдан соң ЦУМ-ға барлық төтенше жағдай қызметі барып, ғимараттан 400-ге жуық адам шығарылған.
Құдияров бомба туралы жалған ақпар берді деген күдікпен жергілікті 25 жастағы тұрғын ұсталып, "терроризм актісі көпе-көрінеу жалған ақпар беру" бабы бойынша соталды тергеу басталғанын айтады.