Accessibility links

Қазақстанда террорлық қауіптің "сары" деңгейі жойылмақ


Қарулы шабуыл бойынша жабық тыңдау өтіп жатқан сотты күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 24 қазан 2016 жыл.
Қарулы шабуыл бойынша жабық тыңдау өтіп жатқан сотты күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 24 қазан 2016 жыл.

Қазақстанда қаңтардың 16-сынан бастап террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі жойылады деп хабарлады бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ресми сайтында. Республика аумағында террористік қауіп-қатер деңгейін жою жөніндегі шешімді ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов қабылдаған.

Қазақстанда террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі өткен жылы маусымда Ақтөбеде қарулы шабуыл жасалған соң жарияланған. Билік 30 шақты қарулы адамның екі қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне жасаған шабуылын теракт деп бағалаған.

Былтыр маусымның 5-інде Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Билік шабуылды теракт деп бағалаған.

Ақтөбедегі шабуылдан соң Қазақстанның бірнеше қаласында күш құрылымдары терроризмге қарсы жаттығулар өткізген.

XS
SM
MD
LG