Accessibility links

Джо Байден өзінің мұрагері Майк Пенсті жоғары бағалады


АҚШ вице-президенті Джо Байден (оң жақта) мен жаңа вице-президент болып сайланған Майк Пенс. Вашингтон, 16 қараша 2016 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (оң жақта) мен жаңа вице-президент болып сайланған Майк Пенс. Вашингтон, 16 қараша 2016 жыл.

АҚШ вице-президенті Джо Байден 20 қаңтарда өзінің орнын басатын Майк Пенске жоғары баға берді. Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Байден Пенс өзінің Ресей және оның президенті Владимир Путин туралы көп білетінін көрсетіп, ерекше әсер қалдырғанын айтты. Байден Пенс Ресей саясаты мен оның басшысының қауқары туралы АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда көп біледі деген пікір білдірді.

Джо Байден президент Барак Обаманың елшісі ретінде бірнеше рет көрінген әрі АҚШ-тың Украина және Иракпен байланысының дамуына үлкен үлес қосқан.

15 қаңтарда Джо Байден вице-президент ретінде соңғы рет Украинаға сапарлап барады.

XS
SM
MD
LG