Accessibility links

Стамбулда ескі үй құлап, екі адам опат болған


Стамбул көрінісі. (Көрнекі сурет.)
Стамбул көрінісі. (Көрнекі сурет.)

Түркияның Стамбул қаласындағы Зейтінбурну ауданында жұма күні апатты жағдайғы жеті қабатты тұрғын үй құлап, кемінде екі адам қазаға ұшыраған деп хабарлайды CNN Turk телеарнасы.

Құрбан болғандардың бірі жас бала деген ақпарат бар.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, апатты деп танылған 56 пәтерлі көпқабатты үйден тұрғындар 2015 жылы көшірілгендіктен ғимарат бос тұрған. Төтенше оқиғадан үйдің маңынан өтіп бара жатқан бес адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG