Халықаралық Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists - CPJ) ұйымы Украина билігі ел аумағында ресейлік "Дождь" телеарнасының хабар таратуына тыйым салу туралы шешімінің күшін дереу жоюы тиіс деп мәлімдеді.
Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары жөніндегі үйлестірушісі Нина Огнянова "Украина ресейлік "Дождь" телеарнасының хабар таратуына тыйым салу туралы шешімінің күшін дереу жоюы тиіс, өйткені ол Украинадағы орыстілді аудиторияны ресейлік мемлекет бақылауындағы бұқаралық ақпарат құралдары көзқарасынан өзгеше БАҚ хабарларымен танысу мүмкіндігінен айырады" деп мәлімдеген.
CPJ сайтында жарияланған ақпаратта Украинаның радио және телехабар тарату жөніндегі кеңесі елдегі "Воля" провайдеріне алдағы ақпан айының ортасына дейін "Дождь" теларнасы хабарын таратуды тоқтатуды тапсырғаны айтылған.