Accessibility links

Сараньдағы бес қабатты үйді тексеру үшін тұрғындарын көшірген


Қарағанды облысы Сарань қаласында 3-шағын аудандағы 13-үйге тексеру жүргізу үшін оның тұрғындарын 10 күнге басқа жаққа көшірді деп хабарлайды қарағандылық NV.kz сайты. Пәтерлерінің көбі бос қалған бес қабатты бұл үйдің тек бір подъезінде ғана осы кезге шейін адамдар тұрып келген. Жұма күні кешкісін жергілікті әкімдік қызметкерлері тұрғындардан үйден көшуді сұраған.

Аталған үйдің қабырғалары қозғалып, кейбір тұсы «сөгіле бастағаны» жайлы тұрғындардың шағым айтып жүргеніне бірталай уақыт болған. Қаңтардың 1-і күні Қарағанды облысы Шахан кентінде осыған ұқсас бес қабатты үйдің бір подъезі тұтас құлап түскеннен кейін жергілікті әкімдік Сараньдағы үйдің жағдайын тексеру туралы шешім қабылдаған. Үйде тұрған кей отбасылар туыстарын сағалап кеткен, кейбірін әкімдік жергілікті интернатқа орналастырған. Мамандар ғимараттың қандай күйде екенін 10 күннің ішінде анықтауы тиіс.

XS
SM
MD
LG