Accessibility links

Германия пана сұрағандардың өтінішін қарауды тездетпек


Көші-қон және босқындар мәселесі жөніндегі федералдық мекеме алдында кезекте тұрған адамдар. Берлин, 2016 жылғы маусым. (Көрнекі сурет.)
Көші-қон және босқындар мәселесі жөніндегі федералдық мекеме алдында кезекте тұрған адамдар. Берлин, 2016 жылғы маусым. (Көрнекі сурет.)

Германия өзінен паналатуды сұрағандардың өтінішін қарауды тездетеді және биыл осыған дейін берілген 430 мың өтініш бойынша тиісті шешім шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Германия көші-қон және босқындар мәселесі жөніндегі федералдық мекемесінің басшысы Ютта Кордт мәлімдеген.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, аталған мекеме 2016 жылы 700 мыңнан астам өтінішті өңдеген. Бұл уақытта елге 280 мыңға жуық мигрант келген.

2015 жылғы миграциялық дағдарыс кезінде Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген өте көп босқынды қабылдауы Германияда қауіпсіздік саласында күрделі жағдай қалыптасуына әсер еткен. Елде террорлық қауіп-қатер деңгейі артқан соң биліктің мигранттарды қабылдауы бірнеше мәрте сынға ұшырап, үкімет босқын мәртебесін беру тәртібі мен шекарадағы бақылауды қатаңдатқан.

XS
SM
MD
LG