Accessibility links

Александр Бублик Australian Open жарысының 2-айналымына шықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Биылдан бастап Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жатқан 19 жастағы теннисші Александр Бублик Australian Open жарысының екінші айналымына шықты.

Ол бірінші айналымда әлемнің 16-ракеткасы франциялық Люка Пуйді 6:0, 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Әлемдік рейтингте 207-орында тұрған Бублик екінші айналымда туннистік Малек Жазиримен (56) кездеседі. Ресейде туған Бублик 2016 жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған.

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Ярослава Шведова (41) румыниялық Ирина Камелия-Бегуден (30) 7:5, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Ал Галина Воскобоева (310) украиналық Елина Свитолинадан (13) 0:6, 1:6 есебімен ұтылды.

Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open 26 қаңтарда аяқталады.

XS
SM
MD
LG