Accessibility links

Ақтөбеде полиция көзін жойған "қарулы" күдіктінің аты-жөні жария болды


Полиция қарулы күдікті мінген көлікті тоқтатып, қару қолданды делінген Ақтөбе-Богословка жолы. 13 қаңтар 2017 жыл.

Ақтөбеде "полицияға қарулы қарсылық көрсетпек болып, оққа ұшты" делінген тұрғынның аты-жөні белгілі болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ақтөбеден 18 километр қашықтықтағы Сазды селолық округінің әкімі Асылан Мұханбетовтің Азаттыққа айтуынша, көзі жойылған күдіктінің аты-жөні - Ерлан Есқожин. Марқұм отбасымен бірге Сазды селолық округіне қарасты Бауырластар деп ааталатын тұрғын үйлер массивінде тұрған.

Әкім Ерлан Есқожиннің кеше, 15 қаңтарда жерленгенін айтып, тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат беруден бас тартты.

Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы 12 қаңтарда полиция Ақтөбе-Богословка жолының бойында 1983 жылы туған, бұрын "қарақшылық шабуыл жасағаны және күшпен бөтеннің көлігін тартып алғаны" үшін сотталған Е. есімді азаматтың 12 қаңтар күні кешке полиция өз көлігін тоқтатқан кезде қару қолданбақ болғанын хабарлаған. Ресми ақпар бойынша, күдікті полицияның қаруын тастау туралы бұйрығына бағынбаған соң полиция оған қару қолданып, мерт еткен.

Облыстық ІІД-дегі дереккөзі Азаттыққа күдіктінің "радикалды исламды ұстанады" деген күдікке ілінгенін айтқан. Бірақ полиция оны я жоққа шығарып, я растамаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG