Accessibility links

Олланд: ЕО-ға сырттан ақыл айтудың қажеті жоқ


Франсуа Олланд, Франция президенті.
Франсуа Олланд, Франция президенті.

Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың Еуропа Одағына (ЕО) қаратып айтқан сынына жауап беріп, ЕО өзінің ішкі істеріне қатысты "сырттан ақыл айтудың қажет етпейтінін" мәлімдеді. "Еуропа трансатлантикалық ынтымақтастықты жалғастыра береді, бірақ ол ынтымақтастық өзінің мүдделері мен құндылықтарына негізделеді" деді Олланд Парижде АҚШ-тың Франциядағы елшісі Джейн Хартлидің өкілеттігінің аяқталуына орай ұйымдастырылған жиында.

Трамп 15 қаңтарда еуропалық London's Times және Bild басылымдарына сұхбат беріп, Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын дұрыс көретінін білдірген. Трамп сұхбатында ЕО-ның босқындарға қатысты либералдық саясаты өзге елдерді де одаққа мүше болудан бас тартуға мәжбүрлеуі мүмкін екенін айтты. Ол Германия канцлері Ангела Меркельді 2015 жылы елге көптеген мигранттың құжатсыз кіруіне мүмкіндік жасағаны үшін сынады. Меркель оған жауап ретінде ЕО өзі үшін жауап беруі тиіс екенін мәлімдеп, "Біздің тағдырымыз - өз қолымызда" деді.

АҚШ-тың қызметінен кетіп жатқан мемлекеттік хатшысы Джон Керри Дональд Трамптың сөзін "өзіне лайықсыз" деп атады. Керри CNN-ге берген сұхбатында "Шынымды айтсам, АҚШ-тың болашақ президентіне өзге елдің саясаткерлері туралы тіке айта салу жараспайды" деді.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне 20 қаңтарда кіріседі.

XS
SM
MD
LG