Accessibility links

Универсиадаға 160-тан астам қазақстандық спортшы қатысады


Денис Тен.
Денис Тен.

29 қаңтарда Алматыда басталатын Қысқы универсиадаға Қазақстаннан 167 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Жарысқа қатысатындардың қатарында Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегерлері Абзал Ажғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев (шорт-трек), Дмитрий Рейхерд бар.

Министрдің айтуынша, биылғы универсиада алтын алған спортшыға Қазақстан 4,9 миллион теңге (15 мың доллар), күміс жүлдегерге 3,3 миллион теңге (10 мың доллар), қола иеленген спортшыға 1,6 миллион теңге (5 мың доллар) сыйақы береді.

Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек жарысқа Ресейден 300-ден астам, Қытайдан 200-ден астам спортшы келетінін айтты.

Алматыда Қысқы универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Универсиада сайтындағы ақпаратқа қарағанда, жарысты өткізуге 17 миллиард теңге (51 миллион доллардан асады) бөлінген.

XS
SM
MD
LG