Accessibility links

БҰҰ: Йемендегі соғыс құрбандары саны 10 мың адамға жетті


Йемен астанасы Сана қаласындағы соғыстан қираған нысандар. Қараша, 2016 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласындағы соғыстан қираған нысандар. Қараша, 2016 жыл.

Йемендегі шиит хусит көтерілісшілері мен Сауд Арабиясы қолдайтын үкімет әскері арасындағы соғыстан құрбан болғандар саны 10 мың адамға жетті деп хабарлады БҰҰ.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру кеңсесінің басшысы Джейми Макголдриктің айтуынша, іс жүзінде құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Ол сонымен қатар екі жылға созылған соғыста 40 мыңға тарта адам жараланғанын айтты.

Соғыстағы адам шығыны туралы мәлімет БҰҰ-ның Йемен бойынша өкілі Исмаил Ульд Шейх Ахмед бейбіт келіссөзді қайта жандандыру мақсатымен Йеменнің портты Аден қаласына барғанда шығып отыр. Бұған дейін Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хади біріккен жаңа үкімет құру туралы ұсынысты қабылдамай тастаған.

Хуситтер мен олардың жақтастарының Йемен үкіметімен арасындағы қақтығыс 2015 жылы наурызда, Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йеменнің халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметін қалпына келтіру үшін әуе шабуылдарын бастағанда шиеленісе түскен.

XS
SM
MD
LG