Accessibility links

АҚШ Гуантанамоның 10 тұтқынын Оманға жібергенін растады


Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).
Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).

АҚШ 17 қаңтарда Гуантанамодағы әскери база түрмесінде қамауда отырған 10 тұтқынның босатылып, Оманға жіберілгенін растады.

Оман сыртқы істер министрлігі 16 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обаманың тұтқындарды қабылдау туралы өтінішін қанағаттандырғанын және тұтқындардың әлдеқашан Оманға келіп қойғанын хабарлаған. Бірақ министрлік тұтқындардың аты-жөнін жариялаған жоқ.

Он тұтқын олардың гуманитарлық жағдайын ескере отырып қамаудан босатылды және бүгін сұлтанатқа уақытша тұру үшін жеткізілді" деп хабарлаған министрлік. Босатылған Гуантанамо тұтқындар әскери түрмеден босатылатын кезде көбінесе қайта оқыту, бейімдеу бағдарламаларынан өтеді.

АҚШ билігінің хабарлауынша, босатылғандардың екеуі - Ауғанстан, сегізі - Йемен азаматтары. Пентагон Йеменде соғыс жүріп жатқандықтан йемендік тұтқындарды бірден елдеріне жібермеді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест 17 қаңтарда бірінші рет Обаманың Гуантанамо түрмесін жабу мақсаты қызметінен кететін 20 қаңтарға дейін орындалмайтынын мойындады.

Қазір Гуантанамо түрмесінде әлі 45 тұтқын қалған.

XS
SM
MD
LG