Accessibility links

Үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті


Үлкен Джордж Буш, АҚШ-тың бұрынғы президенті.
Үлкен Джордж Буш, АҚШ-тың бұрынғы президенті.

АҚШ-тың 41-президенті, үлкен Джор Буш Хьюстонда ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті KHOU телеарнасы.

92 жастағы Джордж Буштың адвокаты Жан Бекер бұрынғы президенттің жағдайын "бірқалыпты" және оны "барлығы ойдағыдай" деген телеарнаға. Буштың кеңсесі оның екі күннен соң ауруханадан үйге шығарылатынын айтады.

Джордж Буштың не себепті ауруханаға түскені туралы хабарланған жоқ.

Джордж Герберт Уокер Буш - АҚШ-ты 1989-1993 жылдары басқарған. Ол 2001-2009 жылдардағы АҚШ президенті Джордж Уокер Буштың және Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буштың әкесі. Джеб Буш 2016 жылғы президент сайлауында Республикашыл атынан президенттікке ұсынылудан үміткер болған.

Өз ұлдары сияқты республикашыл үлкен Джордж Буш Рональд Рейгенның президенттігі тұсында - 1981-1989 жылдары вице-президент болған.

Буш соңғы жылдары мүгедектер арбасына отырған. 2015 жылы ол мойын сүйегін ауыртып алып, бір апта ауруханада жатқан. 2014 жылы өкпесі қабынып және тыныс алуы қиындап екі рет ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG