Accessibility links

Қарағанды облысы: Қаржы мекемесінің басшысы коррупция күдігіне ілінді


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қаржы министрлігінің Қарағанды облыстық қазынашылық департаментінің қызметкерлері коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, Қарағанды облыстық қазынашылық департаментінің бастығы Асқар Нұрпейісов "қызметкерлерінен ақша алып отырған".

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, департаменттің лауазымды қызметкерлері Нұрпейісовке оның орынбасары арқылы "қаржы министрлігінің орталық аппаратынан келетін комиссияны күту жұмыстарын ұйымдастыруға" деп жалақыға қосылатын сыйақының бір бөлігін берген.

Қазір бұл факті бойынша сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG