Accessibility links

Павлодар облысында оқушы асылып тұрған күйде табылды


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодар облысындағы Железинский ауданының орталығында бесінші сыныпта оқитын ұл бала өз үйінде асылып тұрған күйі табылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Баланың денесін 18 қаңтар күні кешке анасы жұмыстан үйіне оралғанда көрген.

Аудандық білім бөлімі өкілінің ақпаратына қарағанда, 10 жастағы оқушы ауқатты отбасында өскен, әке-шешесі жұмыс істейді.

Полиция оқушы өз-өзіне қол салуы мүмкін деген болжам бойынша істі тергеп жатыр. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, 10 жастағы ұл оқыған Железинка орта мектебінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан әлемде суицид деңгейі жоғары елдер қатарында. Қазақстан бас прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылы елде 201 жасөспірім өз өмірін қиған. Бұл сан 2014 жылғы көрсеткіштен 4,7 пайызға көп.

XS
SM
MD
LG