Accessibility links

"Халық банк" пен "Казкоммерцбанк" алдын ала келіссөз бастады


"Казкоммерцбанктің" атауы (жарнамасы) және ғимарат үстіндегі сағат. Алматы, 15 қазан 2011 ж.
"Казкоммерцбанктің" атауы (жарнамасы) және ғимарат үстіндегі сағат. Алматы, 15 қазан 2011 ж.

Қазақстандық "Халық банк" пен "Казкоммерцбанкпен" және оның ірі акционері Кеңес Рақышевпен мәміле бойынша алдын ала келіссөз жүргізе бастағанын хабарлады. Банк ақпаратына қарағанда, әзірге мәміле шарттары туралы айтуға ерте.

"Халық банкпен" алдын ала келіссөз жүргізе бастағаны туралы "Казкоммерцбанк" те хабарлады. Бірақ екі банк те алдын ала келіссөзді қандай мәселе бойынша жүргізе бастағанын айтпайды.

"Халық банк" мәмілені коммерциялық тең жағдайда, халықаралық талаптарға сай қарастыру және жүргізу принциптерін ұстанатынын айтады.

XS
SM
MD
LG