Accessibility links

Трамп АҚШ президенті ретінде ант берді


АҚШ президенті Дональд Трамп ант беріп тұр. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл

20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 45-президенті ретінде ұлықтау рәсіміне қатысып, төрт жылдық қызметіне кірісер алдында ант берді. Антты АҚШ-тың Жоғарғы сот төрағасы Джон Робертс қабылдады.

Әуелі ант беру рәсімінен жаңа сайланған вице-президент Майк Пенс өтті. Вице-президенттер 1937 жылдан бері президенттермен бірге ант береді. Конституцияға сәйкес вице-президент шартты түрде шешуші дауысқа ие Сенат басшысы болып саналады.

Инаугурация көбіне наурыз айында өтіп келген. Франклин Рузвельттің кезінде өкілетті тапсыру процесі тым созылып кетпеуі үшін бұл рәсімді тезірек өткізу туралы шешім қабылданған.

Дональд Трамп — АҚШ тарихындағы президентке айналған алғашқы миллардер кәсіпкер. Reuters агенттігінің хабарлауынша, инаугурациядан кейінгі алғашқы жұмыс күні, сенбіде Трамп ЦРУ-дің бас кеңсесіне кіріп шығады. Бұған дейін ол АҚШ-тың барлау қызметтерін бірнеше мәрте сынаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG