АҚШ сенаты отставкадағы генерал Джеймс Мэттистің кандидатурасын қорғаныс министрі қызметіне бекіту туралы шешімді бір кісідей дерлік қолдап, дауыс берді.
Мэттис содан бірнеше сағат бұрын ғана ресми қызметін атқаруға кіріскен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп басқаратын үкіметтің сенат мақұлдауынан өткен алғашқы мүшесі. Осының алдында ғана Трамп бұған дейін конгресс қабылдаған заңға қол қойған. Ол құжат Мэттистің отставкаға кеткеніне заңда көрсетілгендей әлі жеті жылға толмаса да, оны қорғаныс министрі етіп тағайындауға мүмкіндік береді.
Джеймс Мэттис әскери майданда тәжірибе жинақтаған генерал, ол Ирактағы соғыс іс-қимылдарына қатысқан. Сонымен бірге ол әскери теоретик ретінде танылған.
Трамп әкімшілігіндегі лауазымды қызметке ұсынылған өзге кандидаттарды бекіту мәселесі АҚШ сенатта жақын арада қаралмақ. Кейбір кандидаттарды бекітуге демократтар қарсы болғанымен, сенатта 100 орынның 52-іне ие республикашылдар басым.