Оңтүстік Корея мәдениет министрі Чо Юн Сун қызмет өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша тұтқындалған. Ол билікті сынаған азаматтардың «қара тізімін» жасаған деген күдікке іліккен.
Yonhap агенттігі ақпараты бойынша, тізімге енген адамдар мемлекеттен қаржыландырылатын іс-жобаларға қатыстырылмаған. Тізімде аты-жөні жүрген 10 мыңға жуық адамның арасында Оңтүстік Кореяға танымал мәдениет қайраткерлері де бар.
Оңтүстік Кореяды өткен жылдың соңынан бері жалғасып жатқан коррупциялық жанжал нәтижесінде ел парламенті Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялаған соң оның міндетін қазір премьер-министр атқарып жүр. Пак Кын Хені президенттіктен біржолата шеттету мәселесін елдің Жоғарғы соты шешуі тиіс.