Accessibility links

Пәкістанда базарда болған жарылыс құрбандарының саны артты


Жарылыс болған базар жабық тұр. Парачинар қаласы, Пәкістан, 14 желтоқсан 2015 жыл.
Жарылыс болған базар жабық тұр. Парачинар қаласы, Пәкістан, 14 желтоқсан 2015 жыл.

Пәкістанда Ауғанстанмен шекара маңыдағы базарда болған жарылыс салдарынан қаза тапқан адам саны 25-ке жеткен, жараланып ауруханаға түскен 50-ге тарта адамның кейбірінің халі өте ауыр деп хабарлайды Associated Press.

Сенбінің кешінде базардағы орындардың біріне жасырын орнатылған бомба жарылған. Жарылысқа қатысы барын мәлімдеп үлгерген бірнеше топтың арасында пәкістандық Талибан қозғалысы да бар. Олар бұл шабуылды Сирия президенті Башар Асадты қолдағаны үшін шиит мұсылмандардан кек алу деп мәлімдеген.

2015 жылы желтоқсанда дәл осы базарда болған жарылыстан 23 адам қаза тауып, 30-ден астам адам зардап шеккен еді.

XS
SM
MD
LG