Accessibility links

Қазақстан СІМ: Сирия бойынша келіссөз форматы әлі анықталмады


Роман Василенко, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл.
Роман Василенко, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл.

Астанада бүгін сағат 13-те басталуы тиіс Сирия бейбіт келіссөзінің форматы әлі анықталған жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Келіссөз Rixoz President Astana қонақүйінде жабық түрде өтеді деп жоспарланған.

Оның сөзіне қарағанда, Астанаға сириялық 15 шақты оппозицияшыл топтың өкілдері келді. Бұл топтар - Сирияда өткен жылғы желтоқсанның соңында қақтығысты тоқтату режимін қолдаған. Бұл оппозицияшыл топтардың ортақ басшысы жоқ.

Василенко сонымен қатар әзірге келіссөздің нақты қалай өтетіні, Сирия оппозициясы мен Сирия үкіметінің өкілдері бір үстел басына қатар отыратыны әлде басқалай болатыны белгісіз екенін айтты. Бұған дейін қарулы топтардың бір үстел басына отыруға қарсы екені хабарланған еді.

Василенконың сөзінше, Қазақстан келіссөздің барынша конструктивті диалог түрінде өтуіне қолдан келер бар мүмкіндікті жасап жатыр.

Астанада Сирия дағдарысын бейбіт реттеу келіссөзі 23-24 қаңтарда өтеді. БАҚ-қа келіссөздің басталған сәтінде ғана сурет пен хаттама бойынша видео түсіруге мүмкіндік жасауға уәде берілді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG