Accessibility links

Астанада Сирия бейбіт келіссөзі басталды


Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 23 қаңтар 2017 жыл.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 23 қаңтар 2017 жыл.

Астанада Сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі келіссөз басталды. Келіссөзге Сирия үкіметі, Сириядағы бірнеше оппозицияшыл топтардың өкілдері, Ресей, Иран және Түркия өкілдері қатысып жатыр. Келіссөзге сонымен қатар БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қатысады.

Келіссөзді Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов сөз сөйлеп ашты. Ол келіссөзге қатысушы тараптарға сәттілік тілеп, кездесуде тараптар өзара мәмілеге келуге жол ашылады деген үміт білдірді. Министр сонымен қатар келіссөзге қатысушыларға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Келіссөз 24 қаңтар күнгі сағат 13-ке дейін созылады деп жоспарланған. Келіссөзден соң оның қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтпек.

Қазақстан келіссөзге орын ұсынғаны болмаса, оған қатыспайды.

Сирия келіссөзінен ақпарат таратуға келген 120 қазақстандық және 320 шет елдік БАҚ өкілі тіркелген.

XS
SM
MD
LG