Accessibility links

АҚШ сенатының комитеті Тиллерсонның кандидатурасын мақұлдады


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне кандидат.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне кандидат.

АҚШ сенатының сыртқы істер комитеті Exxon Mobil компаниясының бұрынғы басшысы Рекс Тиллерсонның мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындауды аз ғана дауыс басымдықпен мақұлдады. Тиллерсонның кандидатурасын комитетке кіретін 11 республикашыл түгел қолдап, 10 демократ түгел қарсы дауыс берді. Комитет төрағасы Боб Коркер "Тиллерсонның алып корпорацияны басқарған тәжірибесі болғандықтан оның біліктілігіне күмән келтірмейтінін" айтты.

Комитет мүшесі, Демократиялық партия сенаторы Бен Кардин Тиллерсонның тағайындалуына қарсы шықты. Ол Тиллерсонның Ресейге қарсы санкцияларға және басқа да маңызды халықаралық проблемаларға қатысты берген жауабы "салмақты мемлекеттік хатшының емес, корпоративтік бизнес әлемі өкілінің жауабына ұқсап шыққанын" айтты.

Тиллерсонның кандидатурасына енді сенат дауыс бермек. Сенатта да республикашылдар басым болғандықтан Тиллерсон ол жерде де басым дауыс жинайды деп болжанып отыр. Exxon Mobil-дің бұрынғңы басшысын қатты сынап жүргендердің бірі сенатор Марк Рубио бұған дейін Тиллерсонды оның Ресейдің Сириядағы бейбіт халықты бомбалап, әскери қылмыс жасағанын мойындаудан бас тартқанына қарамастан қолдайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG